>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Жармалар

Бұршақ тұқымдастар

Аспаздық тұрғысынан неғұрлым көп таралған бұршақты дақылдар атбас бұршақ, асбұршақ, бадана, жасымық, маш, нут, қытайбұршақ, диптерикс болып табылады. Атбас бұршақ ақуыз саны жағынан ет пен балықтан асып түседі. Аспаздықта салаттарда, көжелерде, гарнир ретінде, тұздықтарда пісірілген және консервіленген түрде пайдаланылады. "Бұршақ" деп тек атбас бұршақтың өзін ғана емес, сонымен қатар басқа дақылдардың жеміс-дәндерін атайды (қытайбұршақ, мунг атбас бұршағы, какао-бұршақ).

Атбас бұршақ

Асбұршақ

түрік асбұршағы (нут)

аршылған асбұршақ

қарабас вигна

мысыр вигнасы

қызғылт жасымық

жасыл жасымық

қытайбұршақ

лима баданасы

адзуки баданасы

анасази баданасы

мунг атбас бұршағы

қара бадана

пинто баданасы

Жармалар

ЗДәнді және бидай дақылдары мен олардың туындылары адамның рационында көптеген жылдан бері орын алып келеді. Жармалар - көмірсулардың, протеиндердің, жасұнықтың, дәрумендер мен минералды заттектердің таптырмас көзі. Салауатты тамақтануға сәннің арқасында, қазір жармалар қайтадан өте танымал болды. Жармалардан негізінен ботқа пісіреді, көжеге қосады, сондай-ақ гарнир түрінде ұсынады.

Қарақұмық

Жүгері

сұлы жармасы

арпа жармасы

кускус

жабайы күріш

қарабидай

түйілген тары

Ұн

Ең ежелгі өнімдердің бірі, ол бүгін де тамақ рационында маңызды орын алады. Дәнді дақылдарды, негізінен - бидайды тартудың нәтижесінде алынады. Ұн нан-тоқаш, кондитерлік және макарон бұйымдарын, тұздықтар жасауда және тағамдарды аунатуда кең қолданысқа ие болды. Ұнның түрі мен сұрыптамасы бойынша градациясы болады. Түрі ол содан жасалған астықтың тегімен белгіленеді. Ұнның сұрыптары: Жоғарғы, бірінші және екінші - астықтың тартылу шамасына және қауыздан тазартылу дәрежесіне байланысты.

жүгері ұны

бидай ұны

ірі тартылған ұн

қытайбұршақ ұны

асбұршақ ұны

нуттан жасалған ұн

қарақұмық ұн