>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Ірімшік

Ірімшік сүтті ұйыту немесе балқыту арқылы жасалатын өнім. Адам жасайтын ең ежелгі табиғи өнімдерге жатады. Бүгінгі таңда әлемде ірімшіктің 500-ден астам түрі және 2000-нан астам сұрыпы бар! Сондықтан әлемдік ірімшік өндірісінде ірімшіктердің дайындалу тәсілі, дәмі, текстурасы, пішіні, май құрамы, сүт түрі, қабықшасы бойынша көптеген жіктемелері бар.

Диеталық тұрғыдан ірімшік бірегей өнім болып табылады. Калориялары жағынан ол еттен асып түседі және кез келген жаста үйлестіріп тамақтану үшін қажет. Түрлі сұрыптардың ірімшіктері салаттарға, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарға қосылады, сондай-ақ шараппен ассорти түрінде тартылады.

Жас ірімшіктер

фета

рикотта

моцарелла

маскарпоне

Дәмі жағынан сүзбеге ұқсас және нәзік консистенциясымен ерекшеленеді. Олар тамаша сіңіріледі, сондықтан да диеталық өнім болып саналады. Аспаздықта ең кең тараған қолданылуы - салаттар, тіскебасарлар, десерттер.

Пісірілмеген нығыздалған ірімшіктер

эдамер

гауда

канталь

реблошон

Эдамер, гауда, чеддер, канталь, пекорино, реблошон, мимолет, сондай-ақ «Российский», «Пошехонский», «Костромской». Бұл ірімшіктердің айрықша ерекшеліктеріне қатты қыртысы, нәзік ірімшік массасы, жеңіл жаңғақ-татымды дәмі және ірімшіктің жетілуіне қарай күшейетін ерекше хош иісі жатады.

Пісірілген нығыздалған ірімшіктер

эмменталь

грюйер

пармезан

бофор

Ақшыл қыртысы және көбінесе шұрқ тесік бозғылт-сары түсті ірімшік массасы бар. Эмменталь, пармезан, грюйер, конте, бофор жеміс реңктері бар сүт-шоколад хош иістерімен ерекшеленеді. Жазғы сүттен жасалған ірімшіктер әлдеқайда хош иісті, ал қысқы сүттен - дәмі жағынан жұмсақтау.

Жиектері шайылған жұмсақ ірімшіктер

ливаро

маруаль

мюнстер

лимбург ірімшігі

Сондай-ақ қызыл зеңді немесе пикантты ретінде белгілі. Ірімшік консистенциясы көбінесе сары және жұмсақ. Эпуасс, маруаль, ливаро, мюнстер, Лимбург ірімшігі өзіндік дәмі мен иісіне ие. Олардың беті - тегіс және жылтыр, ал қыртысының түсі - сарыдан сарғылт-қызылға дейін.

Зеңді көгілдір ірімшіктер

рокфор

горгонзола

даниш блу

бле д’овернь

Рокфор, горгонзола, данаблу, фурм д’амбер, бле д’овернь, бле де кос, бле де брес. Бұл ірімшіктердің айрықша ерекшелігі - жұмсақ ірімшік массасында көгілдір-жасыл зең дақтарының болуы. Сондықтан ірімшіктің ащы, ешнәрсемен салыстыруға келмейтін дәмі бар.

Ешкі және қой сүтінен жасалған ірімшіктер

сент-мор

кроттен де шавиньоль

шевр

шабишу дю пуато

Ақ немесе сұр түсі және ерекше сипатты (жеміс дәмінен өте ашы, жаңғақ татымдыға дейін) дәмі бар. Олар жас сүзбе де, ақ қыртысты жұмсақ та, нығыздалған да болуы мүмкін. Оларға сент-мор, кроттен де шавиньоль, шевр, шабишу дю пуато жатады.

Ысталған ірімшіктер

ысталған моцарелла

ысталған рикотта

проволоне

скаморца

Қатты ірімшіктерге жатады, бірақ олардан дайындалу тәсілімен және дәмімен ерекшеленеді. Ысталған балқытылған ірімшік «шұжық ірімшік» деп аталады. Бұл түрдің ең белгілі өкілдері - ысталған грюер, ысталған гауда, ысталған чеддер, проволоне және скаморца.

Зеңді қыртысты жұмсақ ірімшіктер

бри

камамбер

Түсі бозғылт-сары, қоймалжың ірімшік массасы бар. Көбінесе дөңгелек, сопақ немесе шаршы пішінді бри мен камамбер кезігеді. Нағыз Камамбер ұзақ сақтауға жатпайды, сондықтан оны көбіне біраз жетілмеген күйінде сатады. Дәмі саңырауқұлақтан жеміске дейін әртүрлі болады.