>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Балық

Балық және балық өнімдері адамның тамағында маңызды рөл атқарады. Балықтарды қилы түрлерінде ақуыз құрамы бірдей дерлік, ал майдың құрамы салмағынан 0,1%-дан 33%-ға дейін өзгеше болуы мүмкін. Балық йод, фосфор, фтор, кальций, мысқа бай, калориялары азырақ және организммен жылдамырақ сіңіріледі. Ең пайдалы балық - нәлім, оңай сіңірілетін - ақ еті бар балық, ал ең нәрлісі - қызыл балық: ақсерке, бекіре, шоқыр, сүйрік болып саналады. Балықтан жасалған екінші тағамдар мен тіскебасарларды көкөніс гарнирлерімен бірге

Бекіре тұқымдастар

бекіре

ақсерке

сүйрік

Ақсерке, қортпа, бекіре, сүйрік, шоқыр - бекіре тұқымдастар, олардың қара уылдырығы деликатес болып саналады. Бекіре тұқымдастардан әдетте көжелер, ұйылтылма, пісірілген және қуырылған тағамдар, балық бұйымдарын, сондай-ақ консервілер дайындайды. Ал визиганы - бекіре тұқымдастардың жота шегін - бәліштерде, кулебякаларды, расстегайларда толтырмалар үшін пайдаланады.

Албырт тұқымдастар

албырт

чавыча

кета

құбылмалы бақтақ

Албырт тұқымдастарға қиыр шығыстық албырт (кета, құныс балық, чавыча, нерка, кижуч, сима) және нағыз албырт (ақсерке, көл және каспий албырт балықтары, бақтақ, нельма, сиг, көкшұбар балық, ақбалық) жатады. Бұл балықты балық өнімдерін, табиғи консервілер дайындау үшін пайдаланады. Албырт тұқымдастардың уылдырығы өте пайдалы, оңай сіңірілетін ақуызға, минералды заттектер мен дәрумендерге бай тағам өнімі ретінде жоғары бағаланады.

Майшабақтар

майшабақ

сардина

тюлька

анчоустар

Майшабақтар бірлестігінің балығы едәуір семіз (майлылығы 20−33%) және жағымды дәмі мен хош иісі бар. Майшабақты (атлантика, тынық мұхит, ақ теңіз, каспий майшабағын), салаканы, шабақты, тюльканы, сардинаны, сардинелланы әдетте тұздайды немесе қуырады, сондай-ақ салқын тіскебасарлар дайындауда пайдаланады.

Тұқы тұқымдастар

сазан

жылтыр тұқы

мөңке балық

оңғақ

Ең көп санды бірлестік тұқы тұқымдастар бірлестігі болып табылады, олардың көпшілігі: тыран, сазан, мөңке балық, оңғақ, торта, тарань, тұрпа, дөңмаңдай және басқалары тұщы суды мекендейді. Бұл балықтың етінің майлылығы орташа, қуырғаннан кейін биязы болады. Сондай-ақ бұл балықты әдетте тұмшалап пісіреді және толтырады. Бір кемшілігі - бұлшықетаралық сүйектері өте көп.

Алабұға тұқымдастар

алабұға

көксерке

таутан

Алабұға тұқымдас балықтардың: алабұғаның, көксеркенің, таутанның еті қоңды, майлы емес. Бұл бірлестіктің балығы балық сорпа, құйылма, пісірілген, қуырылған тағамдар дайындау үшін пайдаланады, ал көксеркеге әдетте толтырма салады.

Нәлімдер

нәлім

пикша

минтай

хек

Нәлім, пикша, навага, сайда, минтай, путассу, хек – нәлім тұқымдастар бірлестігінің барлық балықтары, тұщы сулық нәлімнен басқа, теңіз балықтары болып табылады. Еті ақ, сүйегі аз, дәмді, өзіндік теңіз иісі бар, майсыз, бірақ бауырында 70% дейін май болады. Нәлім тұқымдастар балық сүбесін, консервілер, қақталған және кептірілген балық тауарларын, бауырдан жасалған деликатесті консервілер дайындау үшін пайдаланылады.

Камбала тұқымдастар

таутан камбала

камбала тюрбо

үнді палтусы

көкқабықты палтус

Камбала тұқымдастары бірлестігінің бағалы кәсіпшілік объектісі палтус болып табылады, оның етінің консистенциясы нәзік, жағымды дәмі мен хош иісі бар. Балық тек дәмді ғана емес, оның үстіне ол өте пайдалы, Омега-3 қышқылдарға бай, ал палтустың бауыры А дәруменінің құрамы бойынша рекордсмен болып табылады.

Скумбрия тұқымдастар

тунец

жолақ тунец

скумбрия

ваху

Скумрия тұқымдастар бірлестігінің өкілдері нәрлілігі айрықша бағалы теңіз балықтары болып табылады. Нәзік әрі дәмді етінің сүйектері жоқ скумбрия ас балық ретінде пайдаланылады. Оны консервілейді, қақтайды, қуырады. Әсіресе салқын қақталған скумбрия жоғары бағаланады. Тунец ақ немесе ақшыл-қызғылт, дәмі өте жағымды етімен ерекшеленеді. Онда 26% дейін ақуыз, май — 12% дейін болады.

Шортан тұқымдастар

шортан

Тұщы су балығы. Сойған кезде оның терісі оңай сыпырылады, сондықтан шортанды көбінесе толтырма салу үшін пайдаланады.

Жайындар жайын

сом

Пісіру, бұқтыру, фритюрде қуыру, котлет дайындау үшін пайдаланылады.

Жыланбалықтар жыланбалық

угорь

Әдетте қақталады. Оның еті - нәзік әрі нәрлі.