>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Аскөк

Әрбір үй иесі әйелдің өзі оның сырын жасырмайтын, бірақ аша бермейтін басты тағамы болады. Көпшілік жағдайларда оның құпиясы аскөкті дұрыс пайдалануда жатады. Ең дәмді аскөк - балауса: ол хош иісті, онда дәрумендер барынша көп, ол тағамның дәмін түбегейлі өзгертуге қабілетті. Табиғаттың бұл бергенімен жыл он екі ай рақаттану үшін, аскөкті шоқтарда кептіруге немесе, алдымен ұсақтап шауып, мұздатып сақтауға кеңес беріледі. Егер тағамды дайындаудың аяғына қарай үстінен аскөк сепсе, ол әлдеқайда дәмді әрі хош иісті болып шығады. Аскөк сондай-ақ тағамдарды безендіретін кезде таптырмас.

  • Прованс шөптері (herbes de Provense)татымды шөптердің - киікотының, жебіршөптің, гүлшетен мен майоранның қоспасы болып табылады. Кепкен күйінде де пайдалануға болады. Жерорта теңізі дастарқанының бір де бір тағамы, соның ішінде ең көп таралғаны - пицца да, осы шөптердің шоғырынсыз дайындалмайды. Егер бұл ингредиенттерді зәйтүн майы құйылған кішкентай шөлмекке салып қойса, салаттар үшін тамаша асқатық болып шығады.
  • Нәзік шөптер (fines herbes) классикалық композициясы эстрагоннан, шнитт-пияздан, ақжелкен мен баттауықтан тұрады. Ол тек ең балауса майдалап шабылған нұсқасында пайдаланылады. Бұл қоспа таңдаулы дастарқанның символына айналды, оны салаттарға, көжелерге, балыққа, тауық еті мен омлеттерге қатады. Оны тағамға дайын болуына аз қалған уақытта қосуға кеңес беріледі.
  • Гарни негізгі шоғырына (bouquet garni) мыналар кіреді: лавр жапырағы, ақжелкен, балдыркөк, зире және бұрыш. Шөптерді жіп байланған дәке қапшықта қайнап тұрған сорпаға дайын болуына бес минут қалғанда салады. Дастарқанға ұсынудың алдында қапшықты алып шығады. Содан кейін оны суреттелген схема бойынша тағы бір-екі рет пайдалануға болады.
Лавр жапырағының, майоранның, шипалы шатыраштың, жебіршөптің, сондай-ақ гүлшетеннің күшті хощ иісі жылумен өңдеуден кейін ашылады. Шұжықтар, тушенка, паштеттер, тұздықтар, маринадтар, ірімшіктер, майонез, кетчуп жасаған кезде лавр жапырағынсыз болмайды. Шипалы мелиссаның, жалбыздың қилы түрлерінің, лимон шөбінің, күнзе жапырақтарының сергіткіш иісі азиялық дастарқанда ерекше танымал. Балауса түрінде бұл аскөк шынымен де әмбебап және балық тағамдарынан шай мен компотқа дейін пайдаланылады. Күнзенің жапырақтарын, мысалы, ежелгі римдіктердің өзі тәбетті қоздыру үшін пайдаланған. Ақжелкеннің, ораздықтың, анис пен баттауықтың нәзік аскөгін жылумен өңдеуге салмаған жөн - ол дәмін жоғалтуы мүмкін. Оның есесіне, түрлі салаттар жасаған кезде бұл шөптер таптырмас. Олар балық тағамдарының дәмін неғұрлым тамаша ашады.

лавр

Жалбыз

Ораздық

майоран

мелисса

Ақжелкен

Шатыраш

лимон шөбі

анис

жебіршөп

күнзе

баттауық

гүлшетен

киікоты