>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Ет пен құс еті

Ет - адамның ең ежелгі тамақ өнімдерінің бірі. Еттің негізгі құндылығы оның тек ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың ғана емес, сонымен қатар аминоқышқылдардың, дәрумендердің, минералды заттектердің тұтас бір қатарының таптырмас жеткізушісі екені болып табылады. Сиыр еті, шошқа еті және қой еті фосфорға, калийге, мырышқа, йодқа және темірге бай. Құс еті тек B2, В6, В9, В12 дәрумендерінің құрамымен ғана пайдалы емес, ол диеталық тамақтанудың маңызды компоненті болып табылады. Еттің, әсіресе сиыр етінің пайдасы - оның нәрлілігінде және калорияларының салыстырмалы төмен құрамында. Еттің пайдалы қасиеттері тек оның сапасына ғана емес, сонымен қатар дайындау тәсіліне де байланысты. Ет түрлі өнімдермен жақсы ұштасады, сондықтан одан жылумен өңдеудің барлық түрлерін қолдана отырып, сан алуын тағамдардың көп санын дайындауға болады.

Сиыр еті - ірі қара малдың еті. Тамаша дәмдік және нәрлілік қасиеттері мен керемет хош иісі бар. Сиыр еті организмді ақуызбен, темірмен және бағалы минералды заттектердің тұтас бір спектрімен жабдықтайды. Бұл біршама қатқыл ет, сондықтан, жұмсақтық беру және тағамдардың дайындалуын тездету үшін, сірке судан, сүттен, өсімдік майы мен көкөністерден жасалған әртүрлі маринадтарды пайдаланған жөн. Сиыр етін пісіру уақыты көп жағынан еттің жаңалығына және "жастығына" байланысты. Дәмді әрі шырлы сорпа дайындау үшін, етті пісіруді суық суда бастау керек. Егер етте барынша көп пайдалы заттектерді сақтап қалу керек болса, онда оны қайнап тұрған тұздалған суға салу және шамамен 1,5 сағат пісіру керек.

Бұзау еті – бұзаулардың, көбінесе - өгізшелердің еті Бірінші сұрыптың бұзау еті сұрғылт реңкті қызғылт түсті болуға тиіс. Май құрамының жоғары болмауына байланысты, оны өте жоғары температура жағдайында жылумен өңдеуге жатқызбайды. Бұзау еті оңай сіңірілетін аминоқышқылдар мен минералды заттектердің молшылығы үшін ең пайдалы ет болып саналады. Бұл диеталық ет деликатес болып саналады.

Шошқа еті – үй шошқасының еті ақуызға және дәрумендерге бай. Шошқа еті рагу, іркілдек, шницель, котлеттер, кәуап дайындауда пайдаланылады, түрлі шикі қақтамалар: сан еттер, бекон етіп өңдейді. Шошқа еті - шұжық жасау үшін ең кең қолданылатын ет.

Қой еті – қойдың еті. Еттің түсі ақшыл-қызыл болуға тиіс: жануардың жасы неғұрлым үлкен болса, оның еті соғұрлым қошқыл. Қой етін тым ұзақ дайындауға болмайды: ең дұрысы, етті ақырына дейін сәл қуырмай қалдыру керек - сонда ол өзінің қоңдылығы мен жұмсақтығын сақтап қалады. Қой еті азиялық дастарқанда неғұрлым кең қолданысқа және танымалдыққа ие болды. Ол ащы, сондай-ақ тәтті тұздықтармен тамаша ұштасады.

Курятина - тауықтардың еті - әлемде құс етінің ең диеталық және ең кеңінен таралған түрі. Тауықтардан сан алуан бірінші және екінші тағамдар, салқын және ыстық тіскебасарлар, салаттар дайындайды. Сондай-ақ тауықтың бауыры, жүрегі және қарыншалары тамаққа қолданылады. Көжелер мен сорпалар дайындау үшін кәрі құстың денесі өте тамаша, сорпа шырлы әрі хош иісті болып шығады, ал қуыру, котлеттер, биточки жасау үшін ең дұрысы, жас құстың етін пайдалану керек: ол жұмсақ, нәзік және жақсы қуырылады.