>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Паста

Макарон бұйымдары бүкіл дүние жүзіне қең тараған және көптеген тағамдардың негізі болып табылады. Итальян, шығысазиялық және вегетариандық дастарқандарда кеңінен пайдаланылады. Итальянша макарон және кейбір басқа ұннан жасалған бұйымдар "паста" деп аталады. Пастаның үш санаты болады: құрғағы (pasta asciutta) жасалғаннан кейін кептіріледі және ұзақ уақыт сақтала алады, жаңа жасалғаны (pasta fresco) жасалғаннан кейін бірден пісіреледі, осыған байланысты анағұрлым биязы дәмі бар, толығы (pasta piena) — онда шикі ингредиенттер пайдаланылмайтын толтырмасы бар паста. Пастаны дайындаудың негізгі тәсілі суға пісіру болып табылады. Ұсынылатын пропорциялар мынадай: 100 г пастаға - 10 г тұз және 1 литр су. Пастаға арналған тұздықтар, пастаның өзі де секілді, сан алуан, бірақ бір қарапайым қағида бар: паста неғұрлым жуан және қысқа болған сайын, оған соғұрлым қою тұздық ұсынылады. Алайда зәйтүн майы, томат тұздығы және ірімшік, пастаның кез келген түрі үшін жақсы.

Жайпақ паста

феттучини

паппарделле

тальятелле

Жалпақтығы 5 мм-ден 3 см-ге дейін. Өз құрылымының арқасында қою тұздықтарды жақсы ұстап қалады. Жайпақ паста еттің барлық түрлерімен және тіпті деликатес қоян етімен де үйлесімді. Қою томат тұздығымен тамаша ұштастырылады.

Толтырмалы паста

каннеллони

паккери

маникотти

ньокки

тортеллини

равиоли

Толтырмалы паста жарты ай, сопақ, шаршы, шеңбер немесе гүлшанақ түрінде болады. Бірақ, бұл пастадағы ең бастысы - толтырмасы. Ол үшін ең дұрысы, ет тураманы немесе ірімшікті пайдалану керек. Каннеллони мен маникоттиге әдетте томат тұздығын құйып, тұмшалап пісіреді. Ньокки, тортеллини, равиолидің толтырмасын негізінен ірімшік пен көкөністер құрайды. Кілегей тұздығын қатқан күйінде ұсынылады. Пастаны дайындау кезіндегі маңызды қағида - түпнұсқа толтырманың дәмін тұздықпен және асқатықтармен бүлдірмеу.

Қысқа паста

конкильони

кампанелле

пенне

ригатони

диталини

орекьетте

Бұл санатқа ұзындығы 3-5 см пасталар кіреді. Оның бетінде жырашықтар бар, соның есебінен тұздық тамаша сіңеді. Сондықтан қысқа паста үшін тұздықтың кез келген, соның ішінде жеңіл түрлері жарайды. Бөлек тағам ретіндеден басқа, салаттарда, көмештерде және көжелерде қолдануға болады.

Ирек паста

фузилли

радиатори

ротини

Ирелеңдеген спираль, штопор мен ұршық түріндегі макарон бұйымдары болып табылады. Ұзындығы 2,5 - 5 см аралығында құбылады. Салаттарда, ал қою тұздықпен - бөлек тағам ретінде пайдаланылады. Радиатори, фузилли, ротини көкөніс және кілегей тұздықтарға артықшылық береді.

Әшекей паста

Сан алуандығымен бай: әліпби, бантиктер, фарфалле (көбелектер), жұлдызшалар, орзо (күріш дәндері секілді), перлини (кішкене қабыршақтар), лумакони (үлкен ұлулар), ротелле (білікті дөңгелекшелер). Мұндай пастаны ұсақ көже пастасы деп атайды. Оны сондай-ақ тұмшалап пісіреді және салаттарда пайдаланады. Лумакони, фарфалле томат тұздығы мен көкөністер қосып, бөлек тағам ретінде дайындалады.

Ұзын паста

спагетти

капеллини

ұзын фузилли

лингвини

мафалде (манфреди)

лазанья

Дөңгелек пішінге және 15 - 30 см ұзындыққа ие. Спагетти әсіресе оған қуырылған сарымсақпен бірге ыстық зәйтүн майын қатқанда дәмді болады. Капеллини тек ыстық күйінде ұсынылады, не болмаса сорпаға үстеме ретінде пайдаланылады. Аскөк қосылған кілегей тұздықпен үйлесімді. Лингвини – жіңішке әрі жұқа паста, қою тұздықпен ыстық, сондай-ақ салқын күйінде өте дәмді. Шеттері біркелкі емес жайпақ тікбұрышты кеспе – мафалде – теңіз өнімдерімен тамаша жұпты құрайды. Лазанья — шаршы немесе тікбұрыш пішінді жалпақ және ұзын паста. Ол қалыпқа толтырмамен кезектестіріп, қабаттап жатқызылады. Содан кейін үстінен бешамель немесе болоньез тұздығы құйылып, ірімшік себіледі және тұмшалап пісіріледі. Толтырма ретінде әдетте ет турамасы пайдаланылады.