>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Салаттар

Бүгінде әлемде жапырақты және қаудан салаттардың 1200 шақты түрі белгілі. Олар сырт әлпеті, иісі және бейтараптан ашыға, бұрыштыға, татымды және кермекке дейін дәмі жағынан өзгешеленеді. Салаттар бағзы заманнан бері белгілі: «руккола», «ромен», «цикорий», «радиччио» атауларында антикалық гректер мен римдіктерсіз болмаған. Салаттарды сүюшілерге негізгі кеңестер қарапайым: салаттың жапырақтарын жақсылап жуып отырыңыз; турамаңыз, тек қолмен үзіңіз; тура дастарқанға ұсынардың алдында асқатық қатыңыз.

Жұмсақ салаттар

лоло-россо

маш-салат (корн)

балғын саумалдық

Лоло-россо, маш-салат және балғын саумалдық тағамға көлем беретін жұмсақ салаттарға жатады. Лоло-россо – әлемде аспаздықта ең сұранысқа ие салат түрі, жас көкөністерден жасалған салаттардың таптырмас ингредиенті болып табылады. Қанқызыл-күрең жасыл аралас түске боялған салат жапырақтарының калориялары аз және салаттардың басқа түрлеріне қарағанда, неғұрлым көп кальций құрамына ие. Балғын саумалдық жапырақтары - сан қилы ингредиенттермен және асқатықтармен эксперименттер үшін тамаша ая. Саумалдық тек беконмен, қызанақпен, ірімшікпен және жаңғақпен ғана емес, сонымен бірге сүтпен және кілегеймен тамаша ұштасатыны қызық.

Ащы салаттар

фризе

радиччио

цикорий

эндивий

Жапырақтар салаттардың басқа татымды және бұрышты сұрыптарымен контрастта болған кезінде жасыл қоспаларда жақсы. Фризе салаты табанына жақын ағарған өте әдемі оюлы жапырақшаларымен ерекшеленеді. Ол ет тіскебасарларымен, теңіз өнімдерімен, балықпен, ірімшікпен, цитрустармен, сарымсақпен ұштастырылады. Радиччио салатының жапырақтарының өңі ақшыл-қызғылттан қошқыл-күлгінге және ақ тамырлары бар қошқыл-қызылға дейін болады. Олармен тағамдарды әшекейлендіреді, артық кермектігін ыстық суға жұмсартумен немесе тұздықтармен кетіріп, ыстық көкөніс және ет тағамдарына қосады.

Татымды және бұрышты салаттар

руккола

мицуна

кресс-салат

қыша жапырақтары

Татымды және бұрышты салаттарды бір өзін ұсынуға немесе кермек немесе жұмсақ жапырақтармен араластыруға болады. Руккола, мицуна, кресс-салат, қыша жапырақтары – олардың иісі қандай десеңші! Егер рукколаға зәйтүн майын немесе майонез қатса, онда ол бөлек тағамның орнына жүре алады. Сондай-ақ ол көкөністермен және жұмсақ кілегей ірімшікпен жақсы ұштасады. Мицунаны бөлек тағам ретінде ұсынуға болады, ал кресс-салат аскөк, тағамдардың барлығы үшін дерлік асқатық ретінде пайдаланылады.

Қытырлақ салаттар

ромен

айсберг

латук

Текстурасы мен көлемінің арқасында тағамдарды әшекейлеу кезінде таптырмастай. Оларды салаттардың басқа сұрыптарын ұсынған жөн, өйткені олар анағұрлым нәзік жапырақтарды басып тастайды. Итальян аспаздары роменді ауыз қуыратын, татымды дәмі мен нәзік хош иісі үшін бағалап, оны анчоустармен, зеңді жұмсақ ірімшіктермен және қақталған беконмен ұштастырады. Нәзік айсберг салатының (айс-салат) айқын білінетін дәмі жоқ. Ол салқын және ыстық тағамдар үшін негіз ретінде немесе ет тағамдарына гарнир ретінде пайдаланылады.

Кеңестер

Сақтау үшін көк салаттарды жууға, жақсылап құрғатуға, пластик пакетке салуға және тоңазытқыштың астыңғы сөресіне алып қоюға кеңес беріледі.

Салатқа алдын ала асқатық қатпаңыз, әйтпесе ол былжырап кетеді.

Бір адамды тоқ қылатын үлес үшін 50 г көк салат жапырақтары жеткілікті.