>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Теңіз өнімдері

Теңіз өнімдері оңай сіңіріледі және ұзақ уақытқа тоқтық сезімін береді - олардың әлемнің көптеген дастарқандарында танымалдығы осыдан. Ақуыздардың жоғары құрамы мен төмен калориялылығының арқасында, олар өте бағалы және пайдалы өнім болып табылады. Барлық теңіз өнімдері бір бірімен, сондай-ақ балықпен, күрішпен және қамырмен, көптеген көкөністермен және тіпті шампиньондармен тамаша ұштасады. Олар дайындалу тәсіліне қатыссыз, өте жылдам дайындалады. Ең бастысы - қаптамасын ашпай, тоңазытқыштың астыңғы сөресіне қойып, дұрыс жібіту.

Теңіз өнімдеріне арналған құралдар

Теңіз өнімдері мен оларға арналған құралдар дастарқан этикетінің ең қызықты, бірақ күрделі тақырыптарының бірі болып саналады. Өйткені арнайы құралдардың тек түрі қандай екенін ғана емес, сонымен қатар олардың неге арналғанын білген маңызды ғой.

асшаяндарға арналған қайшы

Ірі асшаяндардың сауытын жүзі дөңгелектелген қайшымен кеседі.

омарға арналған шанышқы

Омарға (лобстерге) арналған шанышқы екі шеттен тұрады: бірінде етті ілетін ілгек, ал екіншісінде - сөлін көсетін қасық орналасады.

устрицаларға арналған пышақ

Бұл аспаптың бір жағы тегіс, екінші жағы - жүзіне қарай жіңішкеретін біршама дөңес. Устрицаны кәдімгі пышақпен ашуға талпынбаңыз - бұл пышақтың сынуына немесе жарақат алуға әкеліп соғуы мүмкін.

омарға арналған қысқаш

Омарға (лобстерге), таңқы шаянына арналған қысқаш. Құралмен сауытын, шымшуырын жарады, бұл орайда ішіндегі етін езіп алмаған маңызды.

теңіз өнімдеріне арналған шанышқы

Асшаяндарды, таңқы шаяндар мен шаяндарды жеген кезде пайдаланылады. Шанышқының небәрі екі тісі бар.

устрицаларға арналған шанышқы

Үш тісі бар устрицаға арналған шанышқы. Оның көмегімен устрицалар мен мидиялардың жақтауларынан жұмсағын алып шығады.

Шаян тәріздестер

көгілдір таңқы шаян

камчатка таңқы шаяны

омар (лобстер)

шаян

лангуст

король асшаяны

жолбарыс асшаяны

теңіз трюфельдері

"Құрыш киген деликатестер" деп аталады. Олардың қатты сауытпен жабылған жұмсақ денесі бар. Оларға таңқы шаяндар, асшаяндар, шаяндар, омарлар (сондай-ақ лобстерлеп деп аталады), теңіз трюфельдері (сондай теңіз үйректері деп аталады), лангустер мен лангустиндер жатады Асшаяндар мен шаяндар бәрінен бұрын жаз мезгілінде дәмді, күзде лангустер мен омарлардың, ал қыста - таңқы шаяндардың маусымы басталады.

Балдырлар

вакаме

теңіз қырыққабаты

нори

теңіз жүзімі

Балдырларды қоңыр, қызыл және жасыл түрлеріне бөлуге болады. Қоңыр балдырларға ламинария (сондай-ақ оның келесі түрлері: араме, комбу және басқалары), хидзики, вакаме және лиму жатады. Қызыл деп далс, порфира (ол сондай-ақ нори), карраген және родимению аталады. Жасыл балдырлар - ульва (теңіз салаты), монострома (аонори), уми будо (теңіз жүзімі) және спирулина.

Ұлулар

сегізаяқ

кальмар

мидиялар

устрицалар

теңіз айдаршықтары

букцинум теңіз ұлулары

венус (венерка)

теллина қауашақтары

Үш түрге бөлінеді: басаяқты, қосжақтаулы және құрсақаяқ. Басаяқтыларға сегізаяқтар, кальмарлар мен каракатицалар жатады. Қосжақтаулы ұлулар - мидиялар, устрицалар мен теңіз айдаршықтары. Теңіз құрсақаяқ ұлуларынан рапандар мен ұлуларды атауға болады.

Тікен терілілер

теңіз кірпісі

теңіз қияры

теңіз жұлдызы

Бұл түрге теңіз кірпілері, голотурийлер (сондай-ақ трепанг деп аталатын теңіз қияры) және жапондар сушиге толтырма ретінде пайдаланатын жұлдыздар жатады. Теңіз кірпісінің өзі жеуге келмейді, асқа тек оның уылдырығы қолданылады.