>

Егер сізде «3 желания» тұздықтарының бір бар болса, бұл оңай. Тұздықты таңдаңыз да, оны пайдаланып, қандай тағам дайындауға болатынын біліңіз.

Дәмдеуіштер

Дәмдеуіштер - кептірілген және әдетте ұнтақ болып үгітілген дәндер, жемістер, тамырлар, қабық немесе өсімдік заттектер, тамаққа дәмқоспа ретінде қосылады. Дәмдеуіштер өсімдіктің өздері одан жасалатын бөлігі бойынша жіктеледі. Бүгінгі аспаздықта дәмдеуіштердің басты қызметі - дайындалатын тағам өнімдері мен дайын тағамдардың дәмдік және хошиістік қасиеттерін жақсарту.

Хош иісті өсімдіктердің жапырақтары және/немесе бұтақтары

насыбайгүл

"патша шөбі" деп аталады, тағамдарда оның қасиеттері біртіндеп білінеді - ол алдымен кермектік, содан соң тәттілеу татымдылық береді. Көжелерде, бадана, асбұршақ, атбас бұршақ, қызанақ, саумалдық, ашытқан қырыққабаттан жасалған көкөніс тағамдарында, сондай-ақ ет және балық тағамдарында пайдаланылады.

гүлшетен

тұздықтар мен көжелерге қосылады, әсіресе, ол ірімшіктен жасалған тағамдар үшін жақсы. Тек қуырған етпен ғана емес, сонымен қатар саңырауқұлақтармен, жұмыртқамен және сан алуан көкөністермен тамаша үйлеседі.

эстрагон

тауық еті, ветчина, жұмыртқа және кілегей тағамдар үшін тамаша жарамды. Жас жапырақтары маринадтар үшін пайдаланылады. Эстрагоның балауса аскөгінің дәмі мен хош иісі, егер тағамға аздап лимон шырынын бүркісе, анағұрлым айқын болады.

жебіршөп

жапырақ салаттар, еттен, балықтан және көкөністердің көпшілігінен жасалған бұқтырылған тағамдар, аң мен құс етінен жасалған тағамдар, шұжықтар, толтырма үшін пайдаланылады. Оны көжелер мен тұздамаларға, сүзбе және жарма өнімдеріне, жұмыртқа тағамдарына, ірімшік жасау кезінде, шайды және басқа сусындарды хошиістендіру үшін қосады.

даршын

десерттердің бірқатарын, шоколад пен ликерлер дайындауда пайдаланылады. Ал Таяу Шығыстың дастарқанында ол тауық немесе қой етінен жасалған ащы тағамдарда қолданыс тапқан. Сондай-ақ даршын консервілеу кезінде пайдаланылады.

орегано

(кәдімгі жұпаргүл) жағымды, нәзік хош иісімен және татымды, ашқылтым дәмімен ерекшеленеді. Жерорта теңізі дастарқандарында таралған, ал итальяндық тағамдарды оның өзіне тән хош иісінсіз көзге елестету мүмкін емес.

шатыраш

басқа татымдықтарды басып тастайтын өзінің күшті, жұпар, бірақ нәзік хош иісімен белгілі. Сарымсақпен және бұрышпен жақсы ұштасады.

бозғалдақ

күшті өзіндік хош иісі, ашқылтым-татымды дәмі бар. Оны күріштен жасалған тағамдарға, мөлдір көжелерге қосады, сондай-ақ толтырмасы бар және пісірілген балық, балық сорпасын, қозы етінен, қой етінен, гүлді қырыққабаттан жасалған тағамдарды дайындау кезінде пайдаланады.

лаванда

анық білінетін күшті хош иісі бар, сондықтан оны көбінесе алкогольсіз сусындар мен сірке суды хошиістендіру үшін қолданады. Ұнтақ етіп үгітілген лаванданы салаттарға, салқын тіскебасарларға, көжелерге немесе қуырдаққа қосады. Сондай-ақ оны шөп шайлар үшін ингредиент ретінде пайдаланады.

Піскен жемістер немесе өсімдіктердің дәндері

бұрышты қоспа

әлемде ең көп таралған дәмқоспалардың бірі. Аспаздықта қара, ақ, қызғылт, жасыл және жұпар иісті бұрыш қолданылады. Бұрыштың бірнеше түрі бір ғана өсімдіктің жемістері болып табылады. Бұршақтардың дәмдік қасиеттері мен түсі оларды пісіп жетілудің қай кезеңінде жинағанына және қандай тәсілмен өңдегеніне байланысты.

чили бұрышы

жас түрінде пайдаланыла алады, бұл орайда негізгі ащылық дәндері мен жарғақтарында болатынын ескерген дұрыс. Ұнтақталған бұрышты тұздықтарға, салаттарға арналған асқатыққа, айрандар мен қатықтарға, сорпалар мен бұқтырылған тағамдарға, маринадтарға қосады. Бүтін бұрыш борщтар мен көжелерге қосылады - дайын тағамға емес, пісіру уақытында!

мускат жаңғағы

кез келген дерлік тағамдарды: салаттарды, үй және өнеркәсіптік шұжықтарды, консервілерді, ет пен балықтан жасалған тағамдарды, маринадтарды, десерттерді, тоқаштарды, шайды, кофені дайындауда кеңінен пайдаланылады. Үгілген мускат тағамдарға нәзік, татымды тәттілеу дәм мен хош иіс береді.

зире

сәл күйдіргіш дәмге және күшті жұпар хош иіске ие. Тәбетті қоздыруға және ас қорытуды жақсартуға қабілетінің арқасында, зирені дәстүрлі түрде майлы ет тағамдарына қосады, сондай-ақ бұршақ тұқымдастармен, ірімшікпен, шұжықтармен, қырыққабатпен ұштастырады. Бұл татымдық тоқаштар пісіру үшін кеңінен пайдаланылады.

кардамон

өте ащы, күйдіргіш, татымды, жылытатын дәмдеуіш. Еуропа дастарқанында скандинавтарда, ал Шығыста - Үндістанда танымал. Ол қамырдан жасалған өнімдерге, жемістерден жасалған тағамдар мен компоттарға қайталанбас дәм иен иіс береді. Дәмдеуіш көжелер мен тұздықтарда, балықтан, құс етінен және еттен жасалған тағамдарда жақсы.

анис

тәттілеу дәмімен, сергіткіш және жұпар хош иісімен ерекшеленеді. Аспаздықта жас жапырақтары да, жемістері де пайдаланылады. Анис еттен, балықтан жасалған тағамдардың, көжелер мен рагудың дәмін жақсартады. Татымдық тоқаштар пісіру кезінде, десерттер мен коктейльдерде, сондай-ақ алкоголь ішімдіктерінің: анис арағының (анистің), абсенттің, самбуканың, түрік ракасының және көптеген басқасының өндірінсінде пайдаланылады.

Өсімдіктердің тамырлары мен бастары

сарымсақ

тек жас күйінде ғана емес, сонымен қатар кепкен күйінде де қолдануға болады. Ұнтақталған сарымсақ ұнтағы өте танымал, ол көптеген татымды қоспалардың құрамына кіреді.

зімбір

тәбетті қоздыратын дәмі тәтті әрі ащы дәмдеуіш. Жас зімбір анағұрлым хош иісті, кепкен зімбір - ащы, Сондай-ақ зімбірдің спирт сіріндісі кезігеді. Дәмдеуішті тәтті тағамдар мен сусындарға қосады, ол карри дәмқоспасының құрамына кіреді.

кепкен пияз

туралған немесе ұнтақталған түрде болуы мүмкін. Аспаздықта оны сусындар мен кондитер бұйымдарынан басқа, тағамдардың барлығында дерлік қолданады. Кептіру үшін тек ашы сұрыптардың түйінді пиязы жарамды.